ДАИШ идеясын насихаттаған келіншек 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бул туралы қалалық соттың баспасөз орталығы хабарлады.

Күдікті лаңкестік ұйым мүшелерімен 2012 жылы ғаламтор арқылы танысқан екен. Кейін, жат ағымның идеологиясын отандастарымызға насихаттай бастапты. Әлеуметтік желі арқылы жұртты жиһадқа шақырып, жарылыс жасауды үгіттеген. Көп ұзамай мысықтілеулі қолға түсіп, жауапқа тартылды. Тергеу кезінде ол өзіне тағылған барлық айыппен келіскен екен.

“The Qazaq Times”