АҚШ-та тұратын түріктер Арменияның 1915 жылғы оқиғаларға қатысты мәлімдемелері үшін наразылық шараларын ұйымдастыруда. Бұл туралы yeniakit.com ақпараттық агенттігі хабарлады.

Чикаго қаласының орталығында «Армения өтіріктерін тоқтатсын!» деген ұранмен өздерінің наразылықтарын білдірген ереуілшілер көшеге Түркия, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы және АҚШ елдерінің туларын ұстап шыққан.

Түркияның әнұранын айтып шыққан ереуілшілер «Өтірікші Армения», «Армяндардың өтірігін бұдан әрі естігіміз келмейді», «Армения халықаралық заңдарды бұзуда», «Мұрағаттарыңды аша алмайсыңдар, себебі олар өтірікке толы» деген жазулармен ереуілге шыққан.

“The Qazaq Times”