Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-премьер Сапар Исаковты тергеуге шақырды.

Сәуір айының 26-сы күні экс-премьер Сапар Исаков өзінің Facebook парақшасына төмендегі суретті жариялап, «тергеуге шақырып жатыр» - деп жазған.

Фото: Сапар Исаковтың Facebook парақшасынан.

Естеріңізге салайық, 19 сәуір күні Қырғызстан Жоғары Кеңесі премьер-министр Сапар Исаковқа қарсы «сенімсіздік ветосын» жариялап, оған 101 депутат дауыс берген. Кейіннен президент Сооронбай Жээнбеков Жоғары Кеңес шешімін мақұлдап, тиісті құжатқа қол қойған. Сәуір айының 20-сы күні Сапар Исаковтың орнына президент әкімшілігінің басшысы М. Абылғазиев тағайындалған.

“The Qazaq Times”