Арменияның оппозициялық парламенттік франциясы «Елк» премьер-министр лауазымына өз жетекшілері Никол Пашинянды ұсынған. Бұл туралы «Евроньюс» халықаралық ақпарат агенттігінің орыс редакциясы хабарлайды.

Ал Пашинян «егер халық өзіне сондай жауапкершілікті сеніп тапсыратын болса», Арменияның премьер-министрі болуға дайын екенін мәлімдеген. Сонымен қатар, ол «ашық әрі әділ» түрде өтетін парламент сайлауының дайындығы ретінде өзінің уақытша үкімет құратынын айтқан.  Сарапшылардың пікірінше, Пашинян елде үлкен танымалдылыққа ие болған әрі қарсылық шараларының арқасында оның жаңа үкіметті басқаруға үлкен мүмкіндігі бар көрінеді.

Естеріңізге салайық, өткен аптада Арменияның премьер-министрі Серж Саргсян елдегі наразы  топтардың қысымымен қызметінен кеткен болатын. Ал үкімет басшысы қызметін уақытша басқарушы Карен Карапетян елдің бірінші вице-премьері болып тағайындалды.

Армениядағы қарсылық шаралары араға аз ғана үзіліс салып, сәрсенбі күні қайтадан бас көтерген еді. Оппозициялық жиындар мен шщерулер Ереван мен Арменияның өзге де қалаларын қамтуда. Елдегі шиеленісті жағдай әлі жалғасуда.

“The Qazaq Times”