Нұрсұлтан Назарбаев пен Армен Саркисян  Армениядағы жағдай жөнінде сөйлесті.

Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы өзінің армениялық әріптесі Армен Саркисиянмен елде болып жатқан жағдайлар жөнінде әңгімелескен. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев елдегі саяси шиеленіс Армения Конституциясына сәйкес заңды түрде шешілуі тиіс екендігін айтып, тараптарды бір мәмілеге келуге шақырған.

Естеріңізге салайық, Арменияда оппозиция өкілдері елді он жыл басқарған Серж Саргсянның премьер-министр болып сайлануына қарсылық білдіріп, жаппай ереуілге шыққан. Он күнге созылған қарсылық шараларынан кейін, Серж Саргсян қызметінен кетуге мәжбүр болған.

“The Qazaq Times”