Пентагон басшысы Жеймс Мэттис «Ресей мен Қытай бірігіп АҚШ-қа қарсы шығуда» – деп мәлімдеді.

Жеймс Мэттис Конгрессте сөйлеген сөзінде Ресей мен Қытайдың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі іс-әрекетіне тоқталған. Онда ол: «Ресей мен Қытай бірігіп АҚШ-қа стратегиялық қарсылық көрсетпек. Олар өздерінің авторитарлық жүйесіндей әлем жасағысы келеді» - деген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Ресей БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың Сүрия билігіне қатысты көтерген бірнеше бастамасына вето қойған.

“The Qazaq Times”