Ресей Тәжікстан мен Қырғызстандағы базаларының әскери қуатын арттыруда – деп хабарлайды ca-news ақпарат агенттігі.

Сәуір айының 24-і күні Қытайдың Бейжің қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің қорғаныс министрлірінің бас қосуында Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ауғанстан мәселесіне байланысты мәдімдеме жасады. Онда ол: «Ресей Қорғаныс министрлігі Ауғанстанның солтүстік аудандарынан Тәжікстан мен Қырғызстан сияқты одақтас мемдекеттердің аумағына террористердің кіріп кету қаупінің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдауда. Осы мақсатта Тәжікстан мен Қырғызстандағы Ресей базаларының әскери қуатты арттырылуда және жаңадан арнайы техникалар жеткізілуде. Қыркүйек айында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан аумақтарында терроризмге қарсы арнайы әскери оқу-жаттығу жұмыстарын өткізбекпіз» - деген.

Естеріңізге салайық, Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылған. Оған Өзбекстан мен Түркіменстаннан өзге Орталық Азиядағы үш мемлекеттің үшеуі де мүше. 2017 жылы маусым айының 9-ы күні ұйымға толыққанды мүше болып Үндістан мен Пәкістан қабылданған.

“The Qazaq Times”