«Үлкен жетілік» Ресейге қарсы санкцияны күшейтпек –деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.

Агенттік мәліметінше, 23 сәуір күні G7 елдерінің сыртқы істер министрлері Ресей санкциясына байланысты бас қосу өткізген. Бас қосудан кейін сәуір айының 23-інен 24-іне қараған түні «Үлкен жетілік» елдері Ресейге қатысты салынған санкцияларға байланысты құжатты жариялаған. Онда G7 елдерінің ресми Мәскеудің Украина мәселесіне байланысты Минск келісімін орындамаған жағдайда санкцияны одан ары күшейтетіндіктері жөнінде айтылған.

Бұдан бөлек аталмыш құжатта «Үлкен жетілік» елдері Ресейді өзге елдердің демократиялық құндылықтарына қол сұқты деп айыптаған және бұған қатысты тиісті шаралар қолданатындықтар мәлімдеген.

“The Qazaq Times”