Әзербайжанның орталық қаласы Бакуде НАТО мен Ресей арасында жоғары деңгейдегі кездесу өтпек. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.

Кездесу Ресей Бас штаб төрағасы Валерий Герасимов пен НАТО одақтастарының бас қолбасшысы Куртис Скапаротти арасында болады. Екі тараптың өзге де жоғары лауазымдылары қатысады.

Мәліметтерге қарағанда, аталған кездесуде Сүрия мәселесі басты орынға қойылмақ. Сонымен бірге Еуропадағы әскери әрекеттер туралы да сөйлеспек.

“The Qazaq Times”