АҚШ қорғаныс министрлігі гипердыбыстық зымыран құрастыруға 1 милрд долларға жуық қаржы бөлді.

AFP ақпарат агенттігінің мәліметінше, АҚШ қорғаныс министрлігі гипердыбыстық зымырандарды құрастырушы Lockheed Martin компаниясына 928 миллион доллар қаржы бөлген. Пентагон ресми өкілдерінің сөзінше, гипердыбыстық зымыран жасауға байланысты шешім шығаруға Ресей мен Қытайдың гипердыбыстық зымырандар құрастып жатқандығы себеп болған.

Аталмыш мәселеге байланысты журналистер алдына жауап берген АҚШ қорғаныс министрлігі өкілдері: «Дәл қазіргі жағдайда Қытай гипердыбыстық зымырандарына АҚШ әуе қорғанысы төтеп бере алмайды. Себебі гипердыбыстық зымырандарды әуе қорғанысы радарлары таппайды» - деген.

Қазіргі таңда әлемде гипердыбыстық зымырандарға қарсы тұра алатын әуе қорғанысы құрылғылары жоқ. Гипердыбыстық зымыран өзге зымырандармен салыстырғанда ұшу бағытын өзгерте алады. Ол жылдамдығы мен бағыт алмастыруы арқылы әуе қорғаныс радарларына түспейді. Түскен күннің өзінде әуе қорғанысы оны атып үлгермейді.

“The Qazaq Times”