АҚШ Мемлекеттік департаменті кеше, Қытайдың Шынжаң жеріндегі адам құқығы мәселесінің нашарлауына байланысты, АҚШ үкіметі «2016 жылғы әлемдік Магритзи актісін» пайдаланып, Қытайдың лауазымды тұлғаларынан жауап сұрауы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы «Азаттық Азия Радиосы» (RFA) хабарлады.

Аталған хабарда Қытайға қарасты Шынжаң жерінде жасалып жатқан құқық бұзушылық істерінің соңғы кезде тіпті де ауырлай түскені айтылған. Associated Press агенттігінің 18 сәуірдегі хабарына қарағанда, Шынжаң жағдайы АҚШ үкіметінің алаңдаушылығын туғызған. Алдағы уақытта Уашингтон билігі «2016 жылғы әлемдік Магритзи актісін» пайдалана отырып, осы мәселеге жауапты қытайлық шенеуніктерді анықтамақ және Қытай билігінен жауап сұрамақ.

«2016 жылғы әлемдік Магритзи актісінің» мақсаты АҚШ үкіметі адам құқықтарын бұзу немесе сыбайлас жемқорлық туралы жазбалары бар әртүрлі елдердегі лауазымды тұлғаларға немесе жеке тұлғаларға айыппұл салады. Басқару құралдары мен Құрама Штаттардағы байланысты тұлғалардың активтерін бұғаттау сияқты қаржылық шектеулерді жүзеге асыру болып табылады. Осы акті негізінде, 2017 жылы қытайлық құқық қорғаушы Сау Шүнлидің өліміне байланысты Қытай үкіметінің бірқатар жоғары лауазымдыларын жазалау тізіміне енгізген.

АҚШ-тың «China Change» сайтының жетекшісі Сау Яшуе RFA тілшісіне берген сұхбатында, Сау ханым 2017 жылы аталған жазалау тізімін жасауға және атқаруға белсене араласқанын айта келіп, бұл аталмыш «2016 жылғы әлемдік Магритзи актісіндегі» нәтижелі іс болғанын алға тартқан. Ол сөзінде: «Бұл тізімнің қатаң болғаны сонша, бұл Қытай үкіметінің күшті наразылығын да қозғаған. Бірақ, ресми БАҚ-та айыптаған жоқ, Сыртқы істер министрлігі де мәлімдеме жасамады. Олардың бұл істі жасырып жабуы оның ықпалының зор болғанын көрсетті. Демек, қазір де Трамп әкімшілігі аталған актіден пайдаланып, ол елдегі адам құқығының бұзылуы мәселесін, нақты лауазымдыларға шектеу қоя алады», – деді.

RFA хабарында айтылуынша, соңғы екі жылдан бері Шынжаң Ұйғыр автономиялы аймағының әкімшілігі үздіксіз жаңа ережелерді шығарып, өзінің өлшемдерін жаңартып келген. Аталған ақпарат агенттігінің бұдан бұрынғы хабарларында, Шынжаң жерінде кемінде 120 мың жазықсыз тұрғынның «саяси үйрену орталығына» қамалғаны туралы айтылған болатын. Кезекті хабарында RFA-ның ұйғыр тіліндегі парақшасын жүргізетін алты журналистінің Шынжаң жеріндегі отбасы мүшелері және туыстары Қытай Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі жағынан ұсталғанын немесе із-түссіз жоғалғанын айтады. Сонымен бірге Қытай үкіметі Шынжаң жеріндегі қарапайым тұрғындардың күнделікті әрекетін бақылау үшін ең жаңа бақылау құрылғыларын, ең үлкен деректер жинау технологиясын пайдаланып отырғанын айтады. Associated Press ақпарат агенттігі хабарында, екі жыл бұрын Шынжаң аймағының Партия комитетінің бірінші хатшысы болып Чын Чуангоның келуімен ондағы жағдайдың қиындай түскенін айтқан.

Бұл мәселе төңірегінде АҚШ Конгресі Қытай ісіне жауапты комитеттің төрағасы мен тең төрағасы Рубио мен Смит, Қытайдың АҚШ-тағы елшілігіне хат жазып, Шынжаңдағы ұйғырлар мен басқа да этникалық азшылықтардың құқығының бұзылу ісіне алаңдаушылығын жеткізген. Сонымен бірге, Шынжаң үкіметі жағынан саяси қудалауға ұшыраған Жаң Хайтаудың әйелі Ли Айже бір апта бұрын Құрама Штатқа барып, Ақ үй лауазымдыларына кездескен және отбасының саяси қысымға ұшырап жатқаны туралы айтып берген.

Ұзақ уақыттан бері Шынжаң мәселесін зерттеп келе жатқан, АҚШ Колумбия Университетінің докторанты Гу И сөзінде: «АҚШ өзінің сыртқы саясатында адам құқықтарын қорғау мәселесін күшейте түсуі керек. Шын мәнісінде олардың қазір көптеген нәрсені істей алатын мүмкіндігі бар. Айталық, алдағы АҚШ-Қытай валюта келіссөздерінде, көптеген саяси тұтқындар, әсіресе Шынжаңдағы этникалық азшылықтардың концентрациялық лагерлерден босатылуын талап ете алады. Мемлекеттік шағымдар мен араласулар, менің білуімше, «2016 жылғы әлемдік Магритзи актісінің» аясында белгілі бір топтарға салынған санкциядан өнімді болмақ», – деген пікірін білдірді.

RFA  журналистері АҚШ Мемлекеттік департаментіне хат жолдап, Уашингтон билігінің «2016 жылғы әлемдік Магритзи актісі» арқылы немесе басқа қадамдар турлы жоспарларын сұраған. Дегенмен, Ақ үй тарабынан әлі жауап жоқ.

“The Qazaq Times”