Армения оппозициясы «барқыт революциясын» бастайтындығын мәлімдеді.

Сәуір айының 17-і күні Армения оппозициясының көшбасшысы Никол Пашинян полиция қызметкерлерінің қарсылық акциясын тоқтатуға шақырған құжатын көпшілік алдында жыртып тастап, «Армения революциялық жағдайға өтті. Мен осы жерде және дәл қазір «барқыт революциясының» басталғаны жөнінде мәлімдеймін» - деген.

Естеріңізге салайық, 16 сәуір күні Ереван қаласында оппозиция өкілдері экс-президент Серж Саргсянның премьер-министр болып тағайындалуына қарсылық білдіріп, ереуілге шыққан. Полиция қызметкерлері бастапқыда Конституциялық сот ғимаратының алдында жиналған халықты бейбіт түрде таратпақ болған. Алайда оппозиция өкілдері мен полиция арасында қақтығыс орын алып, салдарынан 33 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, 30-ға тарта адам тұтқындалған.

“The Qazaq Times”