Армения халқы жаппай ереуілге шықты – деп хабарлайды Newsam ақпарат көзі.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, 16 сәуір күні Армения астанасы Ереван қаласында оппозиция жақтастары экс-президент Серж Саргсянның премьер-министр болып тағайындалуына байланысты қарсылық акциясын өткізген. Полиция қызметкерлері бастапқыда Конституциялық сот ғимаратының алдында жиналған халықты бейбіт түрде таратпақ болған. Алайда оппозиция өкілдері мен полиция арасында қақтығыс орын алып, салдарынан 33 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

“The Qazaq Times”