Дүниежүзілік саяхаттар сайты TripAdvisor «Эйр Астананы» Travelers’ Choice Awards 2018 сыйлығының «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» номинациясында жеңімпаз деп жариялады, деп хабарлады «Эйр Астана» АҚ-ның Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департаменті.

Саяхаттаушылар борттағы қызмет көрсетуді, салондағы тазалықты, тамақ пен сусындарды, креслолар жайлылығын, кресло арасындағы қашықтығы, баға мен сапаның үздік ара қатысын, тіркеуді және компанияның ойын-cауық жүйесін жоғары бағалады. Үздік тасымалдаушылар 2017 жылғы ақпаннан 2018 жылғы ақпанға дейін әлем бойынша көрсетілген рейтинг пен пікірлер саны мен сапасын ескеретін алгоритм бойынша анықталған.

«Эйр Астана» жүйелі түрде рейстерді орындауды 2002 жылдың 15 мамырында бастады және қазір 60 астам халықаралық және ішкі рейстерден тұратын маршруттық желіге ие. Компанияның флоты Boeing 767-300ER, Boeing 757-200, Airbus A320 және Embraer E190 ұшақтарынан тұрады. «Эйр Астана» ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі тасымалдаушылардың арасында Skytrax халықаралық агенттігінің 2012 жылы беделді 4 жұлдызды рейтингін және «Орталық Азиядағы және Үндістандағы ең үздің әуе компания» сыйлығын алған алғашқы компания болды. Екі сыйлық та 2013, 2014, 2015, 2016 және 2017 жылдары расталды.

“The Qazaq Times”