Пентагон Сүрияны бомбалау сәті бейнеленген видеоролик жариялады.

АҚШ қорғаныс министрлігі өзінің Twitter парақшасына USS John Warner атом сүйңгуір қайығынан Сүрияға бағытталған қанатты зымырандардың атылу сәті бейнеленген видеороликті жариялаған. Бейнероликтің аңдатпасында «Қараңыздар АҚШ әскери теңіз күштері Жерорта теңізінен USS John Warner сүңгуір қайығынан «Томагавк» қанатты зымырындарын атуда» - деп жазылған.

Естеріңізге салайық, сәуір айының 14-і күні АҚШ, Ұлыбритания және Франция қарулы күштері Сүрияға әуеден шабуыл жасаған. Шабуыл барысында 100-ге жуық зымыран атылған.

“The Qazaq Times”