«Франция президенті Эммануель Макрон өздерінің АҚШ пен Ұлыбританиямен бірге Сүрияға шабуыл жасаулары арқылы Түркияны Ресейден айырғандарын айтты», деп хабарлайды Би-Би-Си ақпарат агенттігі.
Шабуылдың «тамаша» өткенін айтқан Макрон, «Осы шабуыл арқылы түріктерді Ресейден айырдық. Түріктер химиялық шабуылды жоққа шығарды» , - деді. Макрон АҚШ президенті Дональд Трампты Сүрияға әскер жіберуін одан әрі жалғастыруға және апта соңы ұйымдастырылған әуе шабуылын «Түркияның химиялы қару пайдалануын шектейтін» деңгейде ұстауға өзінің көндіргенін айтып: «10 күн бұрын Трамп «АҚШ Сүриядан кетуі керек» деген еді. Оны бұл шешімінен бас тартуға көндірдік» , - деді.
Ақ үй болса, Макронның сөздерінің артынша мәлімдеме жасап, АҚШ-тың Сүриядағы жоспарының өзгермегенін айтты.
«Президент АҚШ әскерін мүмкіндігінше өте қысқа мерзім ішінде елдеріне кері қайтару мәселесінде нақты шешімде» , - деген Ақ үй өкілі Сарах Сандерс: сол жоспарларының ішінде алдымен ДАИШ-тың көзін жою, кейіннен де олардың қайтадан қандай да бір әрекет етулеріне кедергі жасайтын шараларды қолға алулары керектігін айтып: «Аймақтық одақтастарымыз бен серіктестерімізден аймақтың қауіпсіздігі үшін әрі әскери әрі қаржылық тұрғыдан жауапкершілікті бұрынғыдан да көбірек алуларын күтеміз» , - деді.
Франциялық «BFM TV», «RMC» ақпарат құралдары арқылы сөйлеген сөзінде Макрон, Ресейдің де Сүрияға берген қолдауын да сөз ете келе: «Сүрияда саяси шешім үшін Түркия мен Ресей де қатысатын келіссөздер бастағымыз келеді» , - деді.

“The Qazaq Times”