Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевқа қастандық жасамақшы болған Қырғызстан азаматы 15 жылға бас бостандығанан айырылды.

Turmush басылымының мәліметінше, Ош қалалық соты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевқа қастандық жасамақ болған Жоош-Қара-Су ауданына қарасты Гайрат ауылының 1988 жылғы тұрғынын Қырғызстан Қылмыстық Кодексының 27-226 бабының 2 тармағы, 241 бабының 2 тармағы  және 299-1 бабының 3 тармағы бойынша кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айырған. Тергеу жұмыстары барысында оған тағылған айыптар толықтай дәлелденген.

Тергеу мәліметінше, 1988 жылы дүниеге келген С.Д есімді азамат 2013 жылдан бері Қашқар-Қыштақ елді мекеніндегі мешіттердің біріне жиі барған және мешіт имамы оны сол уақытан бері Сүрияға жиһадқа баруға үгіттеген. Бірақ ол Сүрияға отбасылық жағдайларына байланысты бара алмайтындығын айтқан. Осыдан кейін ауыл имамы мен оның жақтастары Сүрияға өздері аттанған. Бірақ С.Д есімді азаматпен байланыстарын үзбеген. 2017 жылы С.Д есімді азамат Сүрия аумағындағы «Джаммат-Таухид ва Жиһад» террорлық ұйымымен байланысқа шыққан. Ұйым мүшелері оған Ош пен Бішкек қаласында террорлық шабуыл ұйымдастыруға және лаңкестік шабуыл Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтың Бішкекке жасаған іс-сапары күні болуы тиіс деген тапсырма берген. Алайда ол террорлық ұйымның бұл тапсырмасын орындай алмаған. Себебі оны 2017 жылдың  қыркүйек айының 3-і күні Қырғызстан арнайы қызметі тұтқынға алған.

“The Qazaq Times”