Федералды Барлау агенттігінің (Federal Bureau of Investigation, FBI) бұрынғы басшысы Джеймс Коми, алдағы апта нарыққа шығарылатын кітабында өзін қызметінен босатқан АҚШ президенті Дональд Трампты «мәдениетсіз және нағыз менмен» деп жазған. Бұл туралы www.bbc.com агенттігі хабарлауда. 

Ол Трампты өз «менінің» құлы, мафияның әкесіне теңеген. Трампты қолдаушы республикашылар аталған кітапқа «өтірікке толы және өш алу мақсатында жазылған» деп, интернетте lyincomey (өтірікші Коми) деген сайт ашып, оған қарсы шығуда.

Коми, Трамп билігін өртенген орманға теңеген. Әрі үкіметтегі өзге де «мәдениетті» саясаткерлер сол орманды өрттен құтқара алмаған деп жазған. Америкалық «Washington Post» басылымында алдағы апта нарыққа шығарылатын кітап үзінділерінде Комидің ФБА басшысы болып тұрған кезіндегі көптеген құпияларды ашқаны жазылған.

“The Qazaq Times”