АҚШ Қазақстан Үндістан және Индонезияны импорттық преференциялардан айыруы мүмкін – деп хабарлайды The Business Times газеті.

Басылым мәліметінше, АҚШ сауда кеңсесінің өкілдері Коммерциялық кеңсесіне Қазақстан, Үндістан және Индонезияға берілетін импорттық жеңілдіктерді тоқтатуға байланысты ұсыныс жасаған.  Олардың бұндай ұсыныс жасауына Үндістан мен Индонезияның Преференция жүйесінің заңдарын аяқасты етіп отырғандығы мен Қазақстанның аталмыш жүйе заңдарына бағынбай жұмысшылар құқығын бұзып отырғандығы себеп болған. Бұдан бөлек АҚШ кәсіподақтар федерациясы Қазақстанды «халықаралық жұмысшылар құқығын қорғау заңын жүзеге асыру үшін тиісті қадамдар жасамады» - деп айыптаған. Егер АҚШ Коммерциялық кеңесі аталмыш ұсынысты қабылдайтын болса, онда Қазақстан, Үндістан және Индонезия Америка нарығына баж салығынсыз тауар тасымалдау құқығынан айырылады.

АҚШ сауда кеңсесі таратқан мәлімет бойынша, қазіргі таңда Үндістан АҚШ-тан 5,6 млрд доллар, Индонезия 2 млрд доллар, Қазақстан 145 миллион доллар преференциялық көмек алуда.

“The Qazaq Times”