Еуропа Одағы Иранға бағытталған санкцияны тағы бір жылға ұзартты. ЕО мәлімдемесіне қарағанда Иранда адам құқығын бұзу ісі әлі де жалғасуда. Бұл туралы «Peole» басылымы хабарлады.

Мәліметке қарағанда Иранға бағытталған санкция 2019 жылдың 13 сәуіріне дейін жалғасады. Санкция тізімінде 82 ирандық жеке тұлғаның есімі бар. Олардың ЕО-дағы мүліктері кепілдікке алынған және ЕО-ға мүше елдерге кіруіне тыйым салынған. Санкцияда бұған қоса Иран лауазымдыларының техникалық құрал-жабдық экспортына да шектеу қойылған.

ЕО санкциясы бір жылға ұзартылды. Фото: Wikipedia.

Еуроодақтың Иранға бағытталған санкциясы 2011 жылы сәуірде күшіне енген болатын. Сол кездегі Иран президенті Ахмединежаттың сыртқы саясаты Батыс елдерінің күшті қарсылығына ұшыраған болатын.

“The Qazaq Times”