Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ президенті Доналд Трамп кеше кешке Сүриядағы дағдарысқа қатысты телефон арқылы сөйлесті.

Түркия ақпарат қызметтерінің хабарлауынша, екі лидер Сүриядағы соңғы оқиғалар туралы пікірталастырған. Ал Ақ Үйде осы сөйлесуге қатысты жасалған мәлімдемеде «екі ел басшылары соңғы жағдайға қатысты ортақ көзқарасқа ие» , - деп айтылды. Алайда, аталған кездесудің қай тараптың ұсынысымен жасалғаны туралы мәлімет берілмеді.

“The Qazaq Times”