Сүрия басшысы Башар Асадтың кеңесшісі Бусейн Шаабан «ресми Дамаск соғыстан қорықпайды» – деп мәлімдеді.  

Әль-Маядин телеарнасына сұхбат берген Бусейн Шаабан АҚШ президенті Дональд Трамптың Сүрия билігіне қатысты жасаған мәлімдемесіне жауап берген. Онда ол: «Біз соғыстан қорықпаймыз. Соғыс болатын болса біз оған дайынбыз. Қазір соғыс тәртібі өзгерді. Біз бұрынғыдай әлсіз емеспіз» - деген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп ресми Дамаскке қарсы күш қолданатынын атқан және Сүрия аумағындағы Ресей әскеріне зымыран шабуылына дайындалуға кеңес берген.

“The Qazaq Times”