Freedom House ұйымы автократиялық басқару жүйесіндегі елдердің тізімін жариялады.

Оған ТМД елдері арасында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан, Тәжікстан және Беларусь кірген. Freedom House мәліметінше, аталмыш жеті мемлекеттің ішінде Ресей билігі саяси бәсекелестері мен азаматтық белсенділерді жиі қудалайды. Ал қалған мемлекеттерде салыстырмалы түрде алғанда жағдай орташа деңгейде. Бірақ 2017 жылы Өзбекстан билігі өзге автократиялық жүйедегі мемлекеттерге қарағанда сөз бостандығына қойылатын шектеулерді азайтқан. Осыған байланысты биыл Freedom House  ұйымы Өзбекстанға автократиялық жүйедегі мемлекеттер арасындағы «жарқын белгі» деген атақ берген. Бірақ ұйым өкілдері Шавкат Мирзиеев билігін әлі де болса Ислам Кәрімовтан қалған жүйені толықтай өзгерте алмай отырғанын айтады. Атап айтқанда Мирзиеев билігі адамдарды тұрғылықты мекен-жайы бойыша бақылауда ұстау және экономиканы басқару жүйесін әлі күнге дейін өзгертпеген.

“The Qazaq Times”