Сот Саят Ыбырайды мерзімінен бұрын босатты.

Сәуір айының 11-і күні Өскемен қаласында орналасқан Шығыс Қазақстан облыстық соты Семей қалалық сотының шешімін бұлып, 12 жылға сотталған ғалым Саят Ыбырайдың мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырған. Сот шешімі жарияланған күнен бастап күшіне енген. Саят Ыбырайдың адвокаты Абзал Құспанның сөзінше, оны түрмеден бүгін шығарып үлгермейді. Сол себепті Саят Ыбырай бостандыққа ертең шығарылмақ.

Саят Ыбарай 2010 жылы  қамауға алынып, 2011 жылы «сопылар ісі» бойынша «қылмыстық топ құрды» деген айыппен 12 жылға сотталған. Бұған дейін бірнеше рет қазақстандық ғалымдар мен қоғам қайраткерлері президенттің атына Саят Ыбырайды босатуды сұрап хат жазған.

“The Qazaq Times”