Bloomberg басылымы соңғы екі күнде АҚШ санкциясы салдарынан қаржысынан қағылған ресейлік олигархтардың тізімін жариялады.

Басылым мәліметінше, соңғы екі күнде ресейлік олигархтар жалпы көлемі 16 миллиард доллар қаржысынан айырылған. Атап айтқанда Владимир Потатин 2,25 млрд далларынан, Лукойл президенті Вагит Алекперов 1,37 млрд долларынан, Виктор Вексельберг 1,28 млрд долларынан, Олег Дерипаск 2 млрд доллар қаржысынан қағылған.

Бұлардан бөлек Forbes журналының есебі бойынша, соңғы бір күнде ең көп шығынға батқандар ресейлік миллиардерлердің арасында Леонид Михельсон 755 миллион, Генадий Тимченко 716 миллион, Владимир Лисин 578 миллион, Роман Абрамович 534 миллион, Алексей Мордашев 489 миллион доллар қаржысынан айырылған олигархтар бар.

Олардың қысқа уақытта қыруар қаржысынан айырылуына рубльдің құлдырауы мен құнды қағаздар бағасының күрт төмендеуі және ресми Ақ үйдің АҚШ азаматтары мен компанияларына «қара тізімге» енген ресейлік олигархтармен қандай да бір сауда байланысын орнатуға тыйым салуы себеп болған.

“The Qazaq Times”