АҚШ ғалымдары адам ағзасынан бұрын-соңды белгісіз болып келген жаңа бір органның табылғаны туралы жариялады. Аталған орган біріктіруші тіндер мен сұйықтық толтырылған микроскопиялық каналдар желісінен тұрады.

Бұл жаңалық бір емделушіні эндоскопиялық тексеру барысында кездейсоқ табылған. Зерттеушілер табылған органның адамның барлық ағзасында бар екеніне болжам жасауда. Онда ағзаның барлық сұйықтығының 20 пайызы жинақталып, амортизациялағыш, яғни қорғаныш функциясын атқарады. Ғалымдар мұндай тіндерді дененің басқа да бөліктерінен, әсіресе мұрын қуысынан тапқан. Мамандардың түсірулерінше, бұрын каналдарды табу мүмкін болмаған. Сонымен қатар, ғалымдар осы каналдардың ісік клеткаларының лимфа жүйесі арқылы таралуына жол ашатын болғандықтан, метастаздың (қатерлі ісіктің) түзілуімен байланысты болуы мүмкін екенін айтуда.

“The Qazaq Times”