Ұлттық журналистік зерттеу орталығы Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, "Нұр Отан" партиясының қолдауымен журналистер арасында байқау жариялайды.

Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалында журналистерге арналған баспасөз отырысында арнайы талқылады. Жиын барысында сөз алған Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Рахымжанұлы, діннің өзекті мәселелеріне байланысты журналистер арасында байқау жариялайтынын хабарлады. "Байқаудың мақсаты не?" деген сұраққа келсек, қазір бүкіл ел болып, қоғам болып бәріміз діни экстремизм, радикализм сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөліп жатырмыз. Оның үстіне журналистер қауымы да атсалысып, әртүрлі мәселелерге қатысты ақпараттар беріп жатыр. Десек те, журналистердің белсенді болып, осы тақырыпқа қатысты халыққа ой салып, көбірек дұрыс мәлімет берулерін қамтамасыз ету үшін байқау ұйымдастыруды жөн көрдік. Себебі қазіргі кезде ақпарат құралдарының рөлі өте зор" , -деді.

Енді байқау туралы ақпаратқа келер болсақ, Байқау мерзімі 2018 жылдың 1 сәуірі мен 1 қазаны аралығын қамтиды. Жеңімпаздарды марапаттау 18 қазан — ҚР Рухани келісім күні мерекесі күні қарсаңында Алматы қаласында өтпек. Байқау жүлдесінің жалпы қоры — 1 000 000 теңге.

"Елдегі тұрақтылық пен қоғамдағы бейбітшіліктің сақтап, баянды ету үшін мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан бірқатар іс-шараларға қарамастан, соңғы уақытта кейбір жастардың жат ағымдағы көзқарастардың ықпалына ұшырап, экстремистік әрекеттерге бой алдыруы байқалуда. Өйткені ашық ақпарат кеңістігін өз мақсатына пайдаланған теріс пиғылды ағымдар еліміздің аумағында да кездесуде. Сондықтан осы бағыттағы күрестің негізгі тетігі — тұрғындардың діни сауаттылығын арттырып, ақпараттық насихаттық жұмыстарды күшейту", - дейді Алматы қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі Алмажан Әскербайқызы.

Фото:QT.

Биылғы байқаудың өткен жылғы байқаудан аздаған айырмашылығы болмақ. Былтыр  кез келген журналист өздерінің жұмыс орындарынан анықтама қағаздарын алып келуге міндеттелген. Сонымен қатар, жазған мақалалары мен роликтерін белгілі бір орынға әкеліп тапсыру талап етілген. Биыл осының бәрін жеңілдетілген. Себебі, олардың барлығы электронды түрде қабылданады. Сонымен қатар тақырып ауқымын кеңейтілген. "...Өйткені, былтыр біздің жобамызға қаламгерлер мен ғалымдар атсалыссақ деген ұсыныс түскендіктен, биыл жобаның аясын кеңейтіп, оған қаламгерлер, публицистер, ғалымдар және журналистер де қатысуға мүмкіндік алды.Сонымен қатар, осы мәселеге бұрыннан қалам тербеп жүрген азаматтардың бәріне ашық деп жариялануда. Байқауға қатысты тағы бір маңызды мәселе — дінді насихаттамау, керісінше ақпараттандыру.  Кез келген қазақ журналисі қазіргі уақытта ақпараттық қамтамасыз ету тұрғысынан осы экстремизм, радикализм әселелерін талқылап жазып, халықты ағартуда. Үлкен қызметтер атқарып жүргендіктен оларды да ынталандырып қойған дұрыс. Сондықтан бұл байқау осы бағытта туындаған жоба еді", - дейді  "Ұлттық журналистік зерттеу орталығы" басшысы Дәрмен Смайылов.

Байқау төмендегідей бірнеше номинациялар бойынша жүргізіледі:

  • Ең үздік әлеуметтік ролик;
  • Ең үздік телевизиялық бағдарлама;
  • Ең үздік радиобағдарлама;
  • Интернет ресурстағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала;
  • Интернет ресурстағы орыс тіліндегі ең үздік мақала;
  • Мерзімді басылымдардағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала;
  • Мерзімді басылымдардағы орыс тіліндегі ең үздік мақала;
  • Әлеуметтік желілілердегі ең белсенді қолжетімді топ;
  • Ең белсенді блогер.

Байқау шарттары: Алматы қаласында тіркелген немесе тілшілер қосыны бар БАҚ-тағы кез келген журналист, сондай-ақ ғалым, көсемсөзгер, қаламгер қатыса алады. БАҚ басшылығының рұқсаты талап етілмейді. Байқау ек ітілде өтеді. Байқауға 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап 1 қазан аралығында жарияланған материалдар қабылданады.

Басты қойылатын талап — Қазақстанның зайырлы мемлекеттік құрылымын қарапайым әрі ұғынықты тілмен түсіндіру, мемлекеттік саясаттың заңнамалық талаптарын ұғындыру, дін атын жамылған экстремистік ағымдарды әшкерелеу , дәстүр мен діннің өзара байланысын жеткізу, діни экстремизмнің алдын алу, теріс діни топтардың идеологиясы мен олардың зияндығын ашып көрсету. \Қандай да бір діни ұстанымды немесе дінді насихаттауға бағытталған материалдар қабылданбайды.

Байқауға қатысушылар өз материалдарын Ұйымдастыру комитетінің uzhzo2005@mail.ru электронды поштасына (байланыс телефоны: 8 777 565 40 78) жібере алады.

“The Qazaq Times”