Грекия астанасы Афинада палестиналықтардың "Ұлы оралу маршына" қолдау көрсету мақсатында Израильдің Афинадағы елшілігінің алдында наразылық шарасы ұйымдастырылды.

Афинада тұратын палестиналықтар мен түрлі топтардың үндеуімен Афинадағы Израиль елшілігінің алдында жиналған топ, Палестинаның туын ұстап, "Қанішер Израиль!", "Палестинаға азаттық!" деген сынды  ұрандар тастады. Ереуіл кезінде палестиналықтарға қолдау көрсету мақсатында айтылған сөздермен Палестина халқының жалғыз емес екенін, осы күрестері арқылы жеңіске жететіндіктері айтылды.

Палестиналықтар Жерді қорғау күнінің 42 жылдығына орай өткен аптаның жұма күнінен бері қоршауға алынған Газа секторының Израильмен шекаралас аймағында бейбіт шеру ұйымдастыруда. АЛ Израиль әскерлері "Сүргінге ұшырап, қуылған жерлеріне оралуды және 2006 жылынан бері Газа секторындағы заңсыздыққа (қоршауға алынуы) нүкте қойылуын"  талап еткен бейбіт халыққа от жаудыруда. Наразылық шарасы басталған алғашқы күннен бастап 19 палестиналық қаза тауып, 1500 ден астам адам жараланған.

Ал палестиналықтар бейбіт шеруді 6 апта бойы ұйымдастыруды жоспарлауда.

“The Qazaq Times”