Оңтүстік Корея президенті Мүн Жайн мен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун сәуір айында кездесетін болды – деп хабарлайды Интерфакс ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, бүгін Оңтүстік Корея мен КХДР жұмысшылар тобы алда келе жатқан саммитке байланысты мәселелерді талқылауды келесі аптада жалғастыруға уағдаласқан және Мүн Жайн мен Ким Жоң Унның кездесуін 27 сәуірге белгілеген. Алдын ала болжамдар бойынша, екі ел басшылары шекаралық аймақта орналасқан Панмунжон ауылында кездеседі деп жоспарлануда.

Естеріңізге салайық, наурыз айының 25-сі мен 28-і күндері аралығында Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун Қытайға бейресми іс-сапармен барған. Онда ол Қытай басшысы Ши Жинпиңмен кездесіп, екі жақтық қарым-қатынас, аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылаған.

“The Qazaq Times”