Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығысына байланысты кезектен тыс баспасөз конференциясын өткізді. Қытай СІМ өкілі ресми Бейжің тарабының АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын екенін жеткізді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.

АҚШ үкіметі жолға қойғалы отырған қосымша кеден салық саясаты әлемнің екі ірі экономикасы арасында сауда соғысын тудырмақ. АҚШ алдағы уақытта қосымша салық салынатын өнімдердің тізімін жарияламақ. Осыған байланысты Қытай тарабы келіссөз өткізуге дайын екенін білдірді.

Қытай СІМ өкілінің айтуынша, ресми Бейжің заң талаптарына сай қадамдарды жасап келе жатқанын, алдағы уақытта өзін заңды-заңсыз қысымдардан қорғауға дайын екенін, қосымша кеден салығы мәселесі бойынша АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын екенін жеткізді. Ол және АҚШ соты бұл шешімді қолдай қоймайды деп үміттенетінін де білдірген.

“The Qazaq Times”