Сүрияның Африн қаласына қарасты әл-Джавиз ауылында "Күрдтердің халықтық қорғау отряды" (YPG) ұйымының кесірінен мектепке бара алмаған балалар "Зәйтүн бұтағы" операциясы арқылы аймақтың террордан тазартылуына байланысты екі жылға жуық үзілістен кейін қайтадан мектеп табалдырығын аттады.

Түркия Қарулы Күштері жүргізген операцияның арқасында террорлық ұйымнан құтқарылған Сүрияның Африн аймағындағы мектептер қайта жөнделуде. Соның ішінде, әл-Джавиз ауылындағы 160 орындық мектеп те парта, тақта және балалар алаңы сияқты қажетті құралдармен жадбықталды. Құтқарушы топ тек балаларды ғана емес, сонымен қатар мектеп ұстаздарын да кеңсе тауарлары және киім-кешекпен қамтамасыз етті.

Соншама жыл үзілістен кейін қоңырау дауысы естілген мектеп алаңында сүриялық оқушылар өздеріне жасалған жақсылықтың қарымтасы ретінде Түркия жалауларын желбіретуде.

Мектеп оқытушыларының бірі Удай Ибраһим ұйымның бұл аймақта араб әліпбиінің орнына латын әліпбиін мәжбүрлеп оқытуға тырысқандарын, осыған байланысты балалар мен ата-аналардың қиын жағдайда қалғандықтарын айтып: "Бұл жағдай Африндегі өзге де оқу орталықтарының да басында бар. "Күрдтердің халықтық қорғау отряды" (YPG) ұйымының кесірінен балалар сабақтан қол үзді. Олар балаларға арабша емес, күрд тілінде білім беруге тырысты. Ескі дәстүрді бұзып, әліпбиге дейін өзгертіп, балаларға мүлдем басқа нәрселер үйретпекші болды. Сондықтан араб ұлтынан тұратын ауыл халқы балаларын мектепке жібермей қойған еді. Түркия бұл жерді террорлардан тазартты, оларға ризашылығымыз шексіз" , - деді.

“The Qazaq Times”