Йемен Сауд Арабиясына қарата жеті бердей зымыран атты – деп хабарлайды Al Arabiya телеарнасы.

Al Arabiya мәліметінше, Сауд Арабия әуе қорғанысы Йемен аумағынан ел астанасы Эр-Рияд қаласына қарата бағыталған жеті бірдей баллистикалық зымыранды атып құлатқан. Сауд-Арабия ресми хабар агенттігінің хабарлауынша, Азаматтық қорғаныс істерінің эр-Риад аймағындағы баспасөз хатшысы Мұхаммед әл-Хамади, Йеменнен эр-Риадқа ұшырылған баллистикалық зымырандардың әуеде жойылғанын, алайда оның қалдықтарының ел астанасының түрлі аймақтарына құлағанын айтқан. Хамади, зымыран қалдықтарының мысырлық азаматтар тұратын бір үйге құлап, салдарынан 1 адамның өмірімен қош айтысқанын, ал қалған екеуінің қатты жарақаттанғанын хабарлаған.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Йеменнің хусит бүлікшілері Сауд Арабиясы бастаған әскери коалицияға тиесілі «F-15» және «Tornado» бомбалаушы ұшақтарын атып құлатқан. Кейіннен хусит бүлікшілері бақылауындағы аймаққа құлаған ұшқыштарды Сауд Арабия қарулы күштері құтқарып алды.

Айта кету керек, Йеменде заңды үкімет күштеріне қарсы күрескен хуситтер тарапынан бұдан бұрын да эр-Риадқа бағытталған баллистикалық зымырандар көзделген жеріне жетпей тұрып жойылған болатын. Йеменде төңкеріс жасаған хуситтер 2014 жылдың қыркүйек айынан бері ел астанасы Санадан бастап бірқатар аймақтарды өз бақылауларына алған. Ал Сауд Арабия жетекшілігіндегі одақ күштері 2015 жылдың наурыз айынан бүгінге дейін заңды билікке бағынышты күштерге қолдау көрсетіп келеді.

“The Qazaq Times”