АҚШ президенті Дональд Трамп Иран халқын наурыз мерекесімен құттықтады.

Ақ үй баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде Дональд Трамп: «Наурыз мерекесінің тарихы Иранмен тікелей байланысты. Иран халқы мыңдаған жылдар бойы өзінің мәдениеті мен күш-жігері арқасында түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұрып келеді. Қазір Иран халқының алдында жаңа қауіп тұр. Ол халыққа емес өз мүдделеріне жұмыс істейтін бастарушы топ өкілдері. Осыдан ХХV ғасыр бұрын Ұлы Дари құдайдан Иранды жаудың әскерінен, қуаңшылық пен өтіріктен қорғауды сұраған. Қазір «Ислам революциясын қорғаушылар корпусы» осы үш қауіптің жиынтығы. АҚШ Иран халқының бостандыққа, әлемдік қауымдастықпен бірге болуға деген ұмытылысын қашан да қолдайды», - деген.

Естеріңізге салайық, 2017 жылдың желтоқсан айында Иранда халықтық толқулар болған. Салдарынан полиция мен ереуілшілер арасындағы қақтығыстан ондаған адам көз жұмды. Осыдан кейін АҚШ билігі ресми Теһранды қатаң сынға алып, адам құқығын шектемеуге шақырған. Наразылық акциясы дүкендегі қарапайым жұмыртқа бағасының қымбаттауынан басталып, ақырында ел президенті Хасан Рухани мен рухани көсем Аятолла Хоменейге қарсы шығумен аяқталды.

“The Qazaq Times”