Шавкат Мирзиеев Владимир Путинді Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Наурыз айының 19-ы күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Сөйлесу барысында Мирзиеев Путинді сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтап, Өзбекстанға ресми іс-сапармен келуге шақырған.

Естеріңізге салайық, наурыз айының 18-і күні Ресейде президент сайлауы өткен. Сайлау қорытындысы бойынша елдің қазіргі президенті Владимир Путин 76,65 пайыз дауыс жинаған. Бұл Ресей тарихында бұрын соңды болмаған нәтиже. Бірақ тәуелсіз сарапшылар бұл жолғы президент сайлауы «таңдаусыз сайлау» екендігін айтып, Ресей сайлау жүйесі Путиннің жеңісі үшін жұмыс істеді деген пікірлер айтуда.

“The Qazaq Times”