Сүрияда лаңкестер Су-24 ұшағын атып түсірді – деп хабарлайды Syria Call News газеті.

Басылым мәліметінше, «Джейш Тахрир аш-Шам» террорлық ұйымы наурыз айының 18-і күні Шығыс Каламун аумағында Сүрия қарулы күштеріне тиесілі Су-24 ұшағын атқан. Ұшақ Башар Асад армиясы бақылауындағы цемент фабрикасы маңына құлаған. Лаңкестер Су-24 ұшағына қарсы құрлықтық зымыран құрылғысын пайдаланған.

“The Qazaq Times”