Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковтың жұма күні жасаған мәлімдемесінде, Ресей тарабы АҚШ-тың соңғы санкцияларына жауап ретінде көптеген америкалықтарды қара тізімге енгізуді жоспарлап отырғанын алға тартты. Рябковтың сөзіне қарағанда Мәскеу тарабы бұдан өзге де қарсы шараларды қолдануға әзір, бұл әрекеттерімен Батыс елдері арасындағы шиеленісті күшейте түсетіні анық. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.

Осыдан бұрын Трамп үкіметі ресейлік 19 жеке тұлға мен 5 ұйымды санкция тізіміне енгізген болатын. Бұл тізімдегі кейбір ұйымдар мен жеке тұлғалар осыған дейін де АҚШ-тың санкция тізімінен түспей келген.

Бұл Трамп үкіметі тарабынан Ресейдің 2016 жылғы АҚШ-тағы президент сайлауына араласу ісіне байланысты және негізгі инфрақұрылымдарға (әлеуметтік желі, мемлекеттік ғаламтор желілері) шабуыл жасау ісіне қарата жасаған санкцияның алғашқы раунды еді.

Бұдан тыс бұрынғы ресейлік агенттің улануына байланысты Ұлыбританияны жақтап, Ресейді ауыр сынның астына алды.

“The Qazaq Times”