Канада Украина армиясына 4,6 миллион доллар қаржы бөлетін болды – деп хабарлайды Неміс толқыны ақпарат агенттігі.

Наурыз айының 16-сы күні Канада сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында Украина армиясына қаржылай көмек көрсетуге байланысты құжат жарияланды. Онда Канада үкіметінің шешімі бойынша Украина армиясына 4,6 миллион доллар қаржы бөлінетіндігі және аталмыш қаржының медициналық құрал-жабдық алу мен сарбаздарды дайындықтан өткізуге жұмсалатындығы айтылған.

Канада Сыртқы істер министрі Христя Фриланд аталмыш қаржылай көмекке байланысты сөйлеген сөзінде: «Канада Украина халқын сөзсіз қолдайды. Біз Ресей Украина тұтастығы мен халықаралық заңдарды мойындамағанша, оған салынған экономикалық санкцияларымызды күшейте береміз. Канада аннекцияланған Қырым аумағында өтетін Ресей президент сайлауын мойындамайды» - деген.

“The Qazaq Times”