Сауд Арабиясы ядролық бомба жасамақ – деп хабарлайды СВS телеарнасы.

Сауд Арабиясының ханзадасы Мұхаммед ибн Салман наурыз айының 14-і күні СВS телеарнасына берген сұхбатында  Иранның ядролық бағдарламасына қатысты пікір білдірген. Онда ол: «Сауд Арабиясы өз арсеналында ядролық қару болғанын қаламайды. Бірақ Иран ядролық қару жасайтын болса, онда біз де ядролық бомба жасауға кірісеміз» - деген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Сауд Арабия билігі ел аумағында бейбіт атом технологиясын игеретінін және атом электр станциясын салатындығын мәлімдеген.

“The Qazaq Times”