Иракта АҚШ тікұшағы апатқа ұшырады –деп хабарлайды АВС телеарнасы.

АВС мәліметінше, Америка қарулы күштеріне тиесілі НН-60 Black Hawk тікұшағы Ирактың Сүрияға шекаралас аудандарының бірінде апатқа ұшыраған. Тікұшақ бортында жеті адам болған. Әзірге ресми органдар қайтыс болғандер мен жарақат алғандар жөнінде ешқандай ақпарат таратпаған.

Естеріңізге салайық, былтыр Ауғанстанда АҚШ қарулы күштеріне тиесілі тағы бір тікұшақ апатқа ұшыраған. Ол кезде тікұшақ бортында болған алты адам түрлі дене жарақаттарын алып, бір адам көз жұмған.

“The Qazaq Times”