Бүгін Алматыда универсиаданың негізгі ойындары басталғаны белгілі. Түстен бұрын ғана алғашқы медалды қоржынға салғанымыз туралы айтқанбыз.

Енді міне, тағы екі спортшымыз медал еншілеп үлгерді. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Оның алғашқысы, фристайлден Жібек Арапбаева күміс жүлдеге қол жеткізді.  Ал, Жібектің командаласы, тағы бір қазақ қызы Жанбота Алдабергенова осы спорт түрінен қола медалға ие болды.

Қазірге дейін Қазақстан спортшылары бір күміс, екі қоламен үш медалға ие болды. Жерлестерімізге жүлделі жарыс тілейміз.

“The Qazaq Times”