Ұлыбританияның БҰҰ-дағы өкілінің орынбасары сәрсенбі күні ұйымның мәжілісінде мәлімдеме жасап, улы затпен қастандық жасау ісінің тексеру қорытындысын ортаға салды. Ол және бұл қастандық ісінің артында Ресейдің тұрғанын қадай айтты. Бұл туралы VOA ақпараттық сайты хабарлады.

БҰҰ-дағы Ұлыбритания өкілінің орынбасары Алан Қауіпсіздік кеңесінің мүшелеріне: «Белгісіз біреулер Ұлыбританияда соғыста тыйым салынған аса улы химиялық затты пайдаланып қастандық жасады», – деп мәлімдеді.

Бұрынғы ресейлік агент Сергей Скрипаль мен оның 33 жастағы қызы Юлия Англияның Сюрсбери қаласында ес-түссіз күйінде табылып, ауруханаға жеткізілген болатын. Медициналық анықтаудан кейін Скрипаль мен Юлияның аса улы затпен уланғаны және бұл улы зат қолдануға тиым салынған «новичок» екені мәлім болды. Алғашқы медициналық тексеру жасаған дәрігерлер мен оқиға орнына алдымен жеткен бірнеше полиция қызметкері де жеңіл дәрежеде уланған.

Британия өкілі сөзінде: «Бұл қарапайым қылмыстық іс емес, бұл нағыз заңсыз күш қолдану. Британия үкіметі тыйым салынған улы затты анықтайтын дербес зерттеу тобы арқылы істі зерттеу талабын қояды», – деді.

Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй кеше түстен бұрын мәлімдеме жасап, 23 ресейлік дипломатты елден шығаратынын мәлімдеді.

Ресейдің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі Василий Небензя Ұлыбританияның айыптауларын жоққа шығарды. Ол Қауіпсіздік кеңестің мүшелеріне бұл істің Ресеймен қатысы жоқ екенін айтып ақталды. Ол сондай-ақ, Ұлыбритания қажет етсе Ресей тарабы тергеу істеріне белсенді қолдау көрсете алатынын да мәлімдеді. Ол сөзінде: «Ресей 1992 жылы химиялық қаруды дамытуды тоқтатқан. Ал, 2017 жылдың  қыркүйек айында химиялық қарулардың барлық қоры жойылған», – деді.

“The Qazaq Times”