Қазақ-өзбек шекарасында халықаралық байланыс және көлік-логистикалық орталық ашылмақ.

Наурыз айының 14-і күні өткен үкімет аралық кездесуде Қазақстан мен Өзбекстанның шекаралық аудандарда халықаралық байланыс және көлік-логистикалық орталығы мен құрлық портын ашатындығы белгілі болды. ҚР премьер-министрінің ресми сайтында көрсетілген мәліметтер бойынша, былтырғы жылы екі ел арасындағы темір жол арқылы өтетін жүк тасымалы 8 пайызға өсіп, 20,5 миллион тоннаны құраған. Ал 2018 жылдың соңғы екі айында өткен жылдармен салыстырғанда жүк тасымалы 44 пайызға артқан.

Естеріңізге салайық, бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Астана қаласына ресми іс-сапармен келеді. Іс-сапар барысында Мирзиеев  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас, аймақтық және халықаралық мәселелерді талқылайды деп жоспарлануда. Бұдан бөлек ол Астана қаласында өтетін Орталық Азия елдері басшыларының саммитіне қатысады деп күтілуде.

“The Qazaq Times”