Қазақстан құрамасы тұңғыш рет қысқы Паралимпиада ойындарында алтын алды.

Оңтүстік Кореяның Пиоңчаң қаласында өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында Александр Колядин 1,5 шақырымдық шаңғы жарысында алтын алды. Бұл Қазақстанның қысқы Паралимпиада ойындары тарихындағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін 1994 жылы Норвегияда өткен Паралимпиада ойындарында Любовь Воробьева дәл осы шаңғы жарысында қола алған болатын. Сол уақыттан бері Қазақстан спортшылары жүлделі орындарға ілікпеген.

Алекстандр Колядинге дейін 12 наурыз күні тағы бір қазақстандық шаңғышы Александр Герлиц 20 шақырымдық жарыста төртінші орын алған. Жалпы, Қазақстан биылғы Қысқы Олимпиада ойындарына 6 спортшы апарған. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы жалпы есепте 1 алтынмен 13 орында тұр. 9 наурыз күні басталған Паралимпиада ойындары 18 наурыз күні аяқталады.

“The Qazaq Times”