Британдық физик Стивен Хокинг 76 жасында дүниеден озды, деп хабарлады The Guardian. Бұл ақпаратты ғалымның отбасы растаған. 

Хокинг 1988 жылы "Уақыттың қысқаша тарихы" атты кітабын шығарғаннан кейін аса танымал болды. Аталған кітап ондаған тілге аударылып, жалпы тиражы 10 млн данадан асқан. Ғалым көбіне жаһандық жылыну, табиғаттағы жағдайлар және әлеуметтік теңсіздік сынды актуалды тақырыптарға баса назар аударды.

Стивен Хокинг өмірінің көп бөлігін мүгедектер арбасына өткізді. Амиотрофиялық жанама склероз симптомдары ғалымның сал болып қалуына әкеп соққан. Аурудың бұл түріне Хокинг 1960 жылдардың басында, 20 жастан асқан шағында шалдыға бастаған.

“The Qazaq Times”