Өзбек ғалымдары Абай Құнанбайұлының мұрасын зерттейтін болады – деп хабарлайды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.

Наурыз айының 13-і күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Абай Құнанбайұлының мұрасын зерттеуге және халық арасында кеңінен насихаттауға байланысты құжатқа қол қойды. Құжаттың басты мақсаты - Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты дамыту және өзбек жастарын қазақ әдебиетімен таныстыру.

Естеріңізге салайық, 22 наурыз қарсаңында Шавкат Мирзиеев пен Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында Орталық Азия елдерінің басшылары бас қосады. Бұл бас қосу аймақ басшыларының араға 13 жыл салып алғаш рет бес жақты кездесуі болмақ.

“The Qazaq Times”