Еуроодақ Қырымдағы президент сайлауын мойндамайды – деп хабарлайды «Неміс толқыны» ақпарат агенттігі.

Еуроодақтың жоғары дипломаты Федерик Могерини 12 наурыз күні Киевке сапары кезінде: «Ресми Брюссель Қырым аннекциясы мен онда өтетін Ресей президент сайлауының қорытындысын да мойындамайды. Біз Қырым мәселесіне байланысты бағытталған санкцияларымызды күшейтеміз» - деген.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Ресей президенттігіне үміткер Ксения Собчак Украина аумағы арқылы Қырым түбегіне өтіп, аймақта үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге ниетті екендігін мәлімдеген. Кейіннен Собчактың бұл мәлімдемесіне Украина Сыртқы істер министрі Павел Климкин «саяси шизофения» - деген баға берген. Жалпы, Ксения Собчакқа дейін ресейлік БАҚ беттерінде «Владимир Путин президент сайлауы кезінде Қырым аумағына барып дауыс бермек» - деген ақпарат тараған.

“The Qazaq Times”