АҚШ-тың Сыртқы істер министрлігі Катар мен Біріккен Араб Әмірлігіне құны 467 млн АҚШ доллары тұратын қару-жарақ сатуды бекітті. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.

Қорғаныс қауіпсіздік ынтымақтастығы агенттігінің бұл туралы жасаған жазбаша мәлімдемесінде, Катар мен БАӘ елдеріне қару сатып беру ісінің Конгреске ұсынылғаны айтылған.

АҚШ пен Катар арасындағы әскери техника саудасының құны – 197 млн доллар. Оның басым көбі әуе операцияларына жұмсалатын әскери техникалар құрайды. Ал, Біріккен Араб Әмірлігі АҚШ-тан 270 млн АҚШ долларына қару-жарақ сатып алмақ.

 “The Qazaq Times”