Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қазақстан аумағында ұсталған Жоғары Кеңес депутаты Дәмірбек Асылбекұлына байланысты пікір білдірді.

Сооронбай Жээнбеков 6 наурыз күні БАҚ өкілдерімен кездесуінде: «Бұл бізге өте ауыр соққы болды. Қазақстан тарапы істі әділ қарайды деп үміттенемін. Оның азаматтығына байланысты сұрақтарға алдағы уақытта жауап алатын боламыз» - деген.

Естреіңізге салайық, ақпан айының 15-і мен 16-сы күні Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілген арнайы операция барысында Қырғызстан Жоғары Кеңесінің депутаты Дәмірбек Асылбекұлы ұсталған. Оның үстінен сот шешімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, екі айға қамауға алынған. Тексеру жұмыстары барысында Асылбекұлының Қазақстан азаматы екендігі анықталды.

“The Qazaq Times”