Әлем елдерінің қарсылығы мен алаңдаушылығына қарамастан Мьянмадағы мұсылмандарға жасалған геноцид қырғыншылық жалғасуда. Бұндай мәліметті БҰҰ Бас хатшысының адам құқықтары жөніндегі орынбасары Анжрев Гилмоур жасады. Ол Мьянмадағы қырғыншылықтан Бангладешке бас сауғалай барған Араканда мұсылмандарының лагерлерін аралады. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.

Гилмоур мәлімдемесінде, қақтығыстар азайғанымен, рохинджа мұсылмандарына қаратылған тонау, зорлау, адам барымталау қатарлы істердің әлі де жалғасып жатқанын алға тартады. Ол сонымен бірге Бангладешке жан сауғалаған 700 мыңнан астам рохинджа халқының ашаршылықта қалып отырғанына да алаңдаушылық білдіреді.

Мьянма мен Бангладеш үкіметтері арасында былтыр 23 қарашада рохинджа мұсылмандарын мекендеріне қайтару туралы келісім жасалған. Алайда, БҰҰ өкілі бұл келісімнің құрғақ сөз болып отырғанын сынға алады. Ол сөзінде: «Мьянмадағы қырғын астыртын жалғасып жатқан жағдайда, бұл келісім туралы ауыз ашуға бола ма? Әрине, бұндай уақытта Аракан мұсылмандары мекендеріне сенімді түрде қайтуға батылдық ете алмайды», – деді.

“The Qazaq Times”