Германияда үлкен одақ құра білген Христиан-демократиялық одағының жетекшісі Ангела Меркель қайта канцлер болу үшін 14 наурыз күні өтетін парламент сайлауына қатысатынын, үкіметтің атқарылатын жұмыстарға дереу кірісетінін мәлімдеді.

Еуропаның мықты Германияға мұқтаж екендігіне баса назар аударып әрі АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытаймен арадағы кеден салықтарына қатысты "сауда соғысының" да қаупін тілге тиек етіп, тез арада Германия мен Еуропа үшін тиісті шараларды қолға алатынын қайталаған Меркель: "Білек сыбанып, тез арада канцлер сайлап алуымыз керек. Өзім де қайтадан канцлер ретінде сайланудан үміттімін. Үкіметтің қоғамға ауадай қажет қызметтерді атқара алуы үшін қолымнан келгенді жасауға дайынмын. Барлықтарыңызға көп рахмет" , - деді.

Сондай-ақ, одақ келісімшарты міндеттер мен тапсырмаларға толы екенін айтқан Германия канцлері: "Маңызды міндеттеріміз келешектегі жұмыспен қамту шараларын нақты дайындау және Германияда халықтың өмір сүру жағдайын теңестіру" , - деп сөзін түйіндеді.

“The Qazaq Times”